
![]() Қожа Ахмет Йассауи кесенесі | ![]() Ескерткіштер |
---|---|
![]() Бабаджа Қатын кесенесі | ![]() Қалалар |
![]() Алаша хан күнбезі |

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Атыраудың алтын адамы — 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан (Жылыой ауданы) табылған археологиялық ескерткіштің шартты атауы. Ескерткіш алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары болып табылады.
Археологиялық олжаны 1999 жылы белгілі архелог Зейнола Самашев тапқан. Б.з.д. III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен. Сол жерде қазылған үш зираттың бірінен адамзат тарихы үшін «Екінші алтын адам» табылды.
