top of page

Павлодар облысы — 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Павлодар облысының жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт және саздақ топырақтан, ал сол жағалық аңғары плейстоцен кезеңінің сортаңданған бозғылт топырағы мен ауыр саздақ топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44,0 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған.

Облыстың кең даласында қоянсарышұнақсуырқосаяқаламан тышқаны, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыртүлкіқарсақкүзенқұндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшықбозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркітікезқұйрықкүйкентайқырғижапалақ, қарағайлы орманда құршілсаңырау құртоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққуқазүйрекқасқалдақшағала, көл жағаларында қызғыштауқұдіретжылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалықбекіренәлімшортаналабұғашабақ көптеп кездеседі.

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page