
Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.
Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.
Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирново, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.
Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.
Облыста алуан түрлі дәрежедегі пайдалы қазбалар шығарылған және зерттелген. 286 шыққан жері барланған. Олардың ішінде 34-металлды, 2-металлды емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат пен 33- жер асты сулары, оның 6-уы минералды. Облыс аумағы Солтүстік Қазақстанның уранды-кенді, алмазды және сирек маталлды қалайылы түкпірі болып саналады. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар Қазақстан Республикасының балансын құрайды: қалайы бойынша -65%, цирконийға -36,6%, уранға-19%, титанға -5%, вольфрамға -1,1%. Минералды - шикізат базасының кең өсуі, әсіресе, оңтүстік-батыс облысында қаралған. Бұнда маңызды алтынның шыққан жері мен пайда болуы, күмістің, техникалық және зергерлік алмаздардың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек металлдардың, бұрғыланған көмірлердің тізімі бар. Иеленуге дайын болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское уранының шыққан жері саналады. Кеспелтек - титан - цирконий кендерi, Сырымбет - қалайы, алтынның шыққан жерi - Солтүстiк Батыстысы және Домбыралы – 2 шыққан жеріне өндірістік өңдеу жүргізіліп жатыр. Пайдалануда тек кейбір құрылыс тастары мен құмдарының шыққан жерлері бар. Теке өзені мен Жақсытұз көлінің шыққан жерінде қайнатылған тұзға зерттеу жүргізіліп, қазба шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұздың қорлары мемлекеттiк балансқа алынған. Есіл және Айыртау аудандарында алтын мен күмістің шыққан жеріне өндірістік баға беру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.