top of page

Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. 

АлматыОңтүстік Қазақстан,  Қарағанды  облыстарымен және Қырғызстанның  Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-ШаньғаШудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².

Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.

Жамбыл облысында бірнеше сәулеттік ескерткіштер бар. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан.

  • Айша бибі кесенесі. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12 км қашықтықта орналасқан. Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады.

Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.

  • Бабаджа Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген.

Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған.

Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.

Қарахан, Дауытбек және Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. Осы кесенелердің алыс емес жерде Хал-Юнус шығыс моншасы орын тепкен.

  • ХІ ғ. Қарахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплекске кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталады. Құрылыста алғашқы жоспарлау және сәулет өнерінің принциптері сақталған. Ортағасырдағы мәдени сәулеттің типтік образы — монументалды порталды-куполды қамалды құрайды.

Жерленген тұлғаның тарихы осы жерде қоныстанған Х-ХІІ ғ.ғ. Қарахандықтар хандығымен байланысты.

840_large
images (2)
r_rEp9MFev8
  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page