top of page

Қызылорда облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-территориялық бірлік.

Облыс 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 689,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3 адамнан келеді. (2010).

Облыс орталығы - Қызылорда қаласы (алдында Перовск және Ақмешіт деп аталатын). Қала тұрғындары - 212 мың адам. Қазылорда қаласы Алаш Автономиялық округінің астанасы болды, 1929 жылы астана мәртебесі Алматы қаласына ауысты.

1997 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен қаланың аты Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысы болып өзгертілді.

Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысы, Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбемен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекараласады. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4 - орында.

Облыстың едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағы қоңыр, құмдақ сұрсортаң болып келеді. Жусанбетегесексеуілжыңғылталтораңғықамыс өседі. Ауыл шаруашылығына қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл аймағында орналасқан.
Жануарлар дүниесінен ақ бөкенқұланқарақұйрыққасқыртүлкіқоянқарсақшибөріқосаяқкүзенсарышұнақ тіршілік етеді. Құстардан бүркітқаршығақырғауылқазүйрек, көлдерде балықтың алабұғасазанжайынбекіре түрлері кездеседі.

Без названия
Без названия (8)
Без названия (7)
Без названия (6)
Без названия (5)
images
Без названия (2)
Без названия (1)
Без названия (3)
Без названия (4)
images
images (10)
images (9)
images (7)
images (8)
images (6)
images (5)
images (4)
images (1)
330px-Kyzylorda_in_Kazakhstan.svg
images (2)
images (3)
  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page